12:50Эфирде: «Шайқалған шаңырақ» телехикаясы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматыда «Один на миллион» фильмінің тұсаукесері өтті

  • Категория: Мәдениет
Алматыда «Один на миллион» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыдағы Кинопарк 11 IMAX Esentai кинотеатрында «Один на миллион» деп аталатын картинаның тұсаукесері өтті.

Бұл фильм тәжікстандық танымал бизнес-жаттықтырушы Саидмурод Давлатов туралы. Кинода басты рөлді оның өзі сомдайды.

Фильмнің премьерасына жиналған кісі қарасы қалың. Шараның басты кейіпкері ­– бизнес – жаттықтырушы, мотиватор Саидмурод Давлатов. «Один на миллион» фильмінің желісі оның өмірбаянына құрылған. Картинада қиындыққа тап болып, одан шығу жолын іздеген адамның оқиғасы суреттеледі.

Мухиддин Музаффар, «Один на миллион» фильмінің режиссері:

- Бұл фильм үнемі қарызға батып жүретіндер үшін өте қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені осы драманың кейіпкері қомақты қаражат алып, берешек болып қалады. Қарызын қайтару үшін түрлі амалға барады. Соңында қиындықтан жол тауып шығады. Қазіргі кезде көремен үшін бұл өзекті мәселе екені даусыз.

Фильм 4 жарым жылға жуық уақыт бойы түсірілді. Ең қиыны ­– актерлік құрамды таңдау болған. Өйткені фильмде Саидмурод Давлатовтың өмірінің үш кезеңі суреттеледі. Оны экранда өзінен басқа тағы екі адам ойнады. Кеңестік кезеңді, 1990–шы, 2000-шы жылдарды түсіру де оңай болған жоқ. Халықаралық жобаның географиялық ауқымы кең. Картина Қазақстан, Тәжікстан мен Ресейде, тіпті кейбір көріністер АҚШ, Малайзия мен Үндістанда түсірілді.

Назерке Кибаева, фильмнің бас продюсері:

- Бұл фильм «тренинг» деп айтсақ та болады. Себебі адам бір жарым сағат көргеннен кейін санасында қандай да бір өзгеріс пайда болса, демек мақсатымыздың орындалғаны. Фильм арқылы адамдардың өмірін өзгерту ­– басты көздеген мақсатымыз.

Картина үлкен экранға Қазақстанда ғана емес Ресей, Өзбекстан мен Тәжістанда шығады. Қырғызстанда да көрсету жоспарда бар. Фильмді Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі 14 қазаннан бастап көрсетеді.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев

Сондай-ақ...