11:00Әрі қарай: Кино. «Так сложились звезды»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Павлодарда теміржол тарихы таспаланған бірегей ескерткіш сақтаулы тұр

  • Категория: Мәдениет
Павлодарда теміржол тарихы таспаланған бірегей ескерткіш сақтаулы тұр

Павлодар қаласындағы бұрынғы теміржол депо аумағында бірегей ескерткіш сақтаулы.

Мозаикалық қабырға смальта шыныдан жасалған. 30 жылдық тарихы бар қабырғаны қалаған шебердің аты-жөні белгісіз. Ресми деректерге сүйенсек, өнер туындысы депоның 70 жылдық мерейтойына орай жасалған. Картинада 1924 жылы Ресейден Павлодар жеріне 500 тонналық жүкті жеткізген алғашқы паровоз көрініс тапқан. Айта кетейік, бүгінде конструкторлық шеберхана әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Нысан үш жылдан соң 100 жылдығын атап өтеді. Тарихи оқиғаның ғасырлық мерейтойына орай, ғимарат мен мозаикалық қабырға қайта қалпына келтірілмек.

Бөгенбай Көпеев, Павлодар конструкторлық-сынақ орталығының басшысы:

- Тарихи деректерге сүйенсек, қалада салынған үлкен ғимараттардың бірі осы «Паровоз депосы» болған. Мықтылығын айту кету керек, бұл ғимарат сол жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпесе де, әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Бұның сипаттамаларын қарайтын болсақ, бұл – құйылмалы түрде салынған ғимарат.

Сондай-ақ...