Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті

Осы тарихи датаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-де жазба жариялады. «Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», – деп жазды Президент.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылында дүниеге келген. Ол 1917 жылы құрылған Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланды. Алайда көп ұзамай Қазақ автономиясының жұмысы тоқтап, Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылды. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына кесілді.