Хабар телеарнасы

Өткен жылы 150 ақын-жазушыға 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді

Бірақ олардың шығармалары халық ықылысына бөленсе де, биліктің назарынан тыс қалып қоятыны рас. Ал қазір жағдай өзгеріп келеді. Өткен жылы қала әкімінің ұйғарымымен Алматының мәдени-рухани дамуына үлес қосып келе жатқан 150 ақын-жазушыға 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді. Мұндай қолдау биыл да жалғасады.

Темірхан Медетбек, ақын:

- Оларды желеп-жебеп, әртүрлі қолдау көрсетіп жатса, әрине, белгілі бір ақын-жазушыларға ғана емес, бүкіл елге көрсетілген құрмет деп білеміз. Оның шапағатын бір жағынан Жазушылар одағы да, ақын-жазушылар да көріп отыр.

Қалада заманауи бейнелеу өнері де дамып келеді. Әсіресе ғимараттарға түрлі әлеуметтік тақырыпта салынған суреттер көбейді. Бұған қоса адам бойындағы өнерге деген қабілетті шыңдауға арналған жобалар бар.

Ольга Веселова, «Еуразиялық мәдени альянс» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары:

- Карантин кезінде белсенді жұмыс істедік. Оқушылар мен жас суретшілер үшін заманауи мәдениет, әдебиет, театр мен музыка тақырыбында шығармашылық шеберлік-дәрістерін тегін өткіздік.

Сондай-ақ қаладағы бес кітапхана жаңартылды. Соның арқасында бір жылда кітапханаға барушылар саны 350 мың адамға жетті.

Авторлары: Алмас Садуақас, Радик Жақыпов