Хабар телеарнасы

Баянауыл ұлттық паркінде қарақұрт пайда болды

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық паркі Жасыбай бөлімшесінде қарақұрт пайда болды. Мамандардың айтуынша, ол Орталық Қазақстан, оның ішінде Баянауыл аумағында өмір сүретін өрмекшілер тобына жатпайды. Жәндіктер оңтүстіктен келуі мүмкін.

Былтыр Баянауыл ұлттық паркінің солтүстік шығысындағы Торайғыр көлінің маңайынан табылған қарақұрттарды жинау барысында 1500 аса  ұялары мен жұмыртқалары және 350 алты аналығы өртелген.

Баянауыл ұлттық паркі ерекше қорғалатын аумақ. Сондықтан жәндіктерді жоюға  химиялық препараттар қолданылмайды. Тек биологиялық жолмен жойылады

Алтынбек Құрманов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы:
- Биылғы жылы да біздің ұлттық парктің қызметкерлері жаңағы қарақұрттың ұяшықтары бар екенін анықтап, осы жуыр маңда оны біз жаңағы әлеуметтік желіде жариялаған болатынбыз. Ендігі Торайғыр ауылдық округінің де жеріне кіріп жатыр. Бұл жаңағы қарақұрттың жайылған жерлері.