Хабар телеарнасы

Нидерландықтар «ҚазМұнайГазға» жылжымалы айлық құрылғыларын салуды үйретеді

Нидерландық мамандар «ҚазМұнайГазға» жылжымалы айлық құрылғыларын салуды үйретеді. Отандық мұнай-газ саласындағы ұлттық оператор мен нидерландық компания арасында бүгін тиісті құжатқа қол қойылды. Бұл ынтымақтастық мұнай экспортын дамытуға жол ашады. Кездесуде Қазақстан Нидерланд корольдігімен тағы 8 коммерциялық келісімге қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы, экология, білім беру, логистика мен медицина салаларын дамыту көзделіп отыр. Мәселен, Қызылорда облысында нидерландық инвесторлардың көмегімен 2 жоба жүзеге асқалы отыр. 

Ардақ Зебешев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:
-Оның біреуі - Арал теңізі болған жерде сексеуіл ағаштарын егу. Біз жылда 100 мың гектар жерге осындай ағаштар егіп отырмыз. Қазіргі таңда осы шетелдік компанияның көмегімен біз тағы 80 мың гектар жерге егуді жоспарлап отырмыз. Бірақ осы бірінші кезеңде 10 мың гектарды қарастырып отырмыз.

Нико Схермерс, Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы елшісі:
-Мұндай келісімдер Қазақстан мен Нидерланд арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын айғақтайды. Болашақта да мұндай келісімдер көбейеді деген сенім бар.