Хабар телеарнасы

Алматы облысынан СҚО-ға гуманитарлық көмек жіберілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен волонтёрлар Алматы облысынан Солтүстік Қазақстан облысына 25 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Петропавл қаласына бағыт алған жүктің ішінде шифер, шеге, эмульсия, күрек, арба және 15 млн теңге тұратын көбік оқшаулағышпен қатар азық-түлік бар.

Алматы облысы осы уақытқа дейін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. 171 бірлік арнайы техника жүргізушісімен Батыс Қазақстан облысына барып, жұмыс істеп қайтты. Бұл игі іске 500-ден астам ерікті жұмылдырылғанын да айта кетейік.

«Су басқан өңірлердегі жағдай түзелгенше, гуманитарлық көмек жинауды жалғастыра береміз. Өйткені елдің берекесі – бірлікте», - деді облыстық «Сафар» тәжік қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қарахон Солихов.

Қарахон Солихов, «Сафар» тәжік қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Шифер, доски, пеноплекс бар құрылыс заттары. Азық-түлік бар; ұн, күріш, қант, май бар, подсолнечный май. Бізде мынау алтыншы фура болып жатыр. Екі вагон жібердік. Құдай қаласа, көмек тағы болады.