Хабар телеарнасы

Жайықта су деңгейі көтерілді

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені күн санап көтеріліп жатыр. Орал қаласында дария деңгейі 779 сантиметрге жетсе, Бөрлі ауданының Ресеймен шекаралас Жарсуат ауылында су 10 метр 05 сантиметр болған. Мұнда қауіпті меже 945 сантиметр саналады. Бөрлі ауданының өзен бойында орналасқан 9 ауылда 8,5 мың тұрғын бар. Ауданда 10 шақырымға жуық бөгет салынып, 70 техника тартылған.

Жалпы облыс бойынша Жайықтың жағасында орналасқан 84 елді мекенге қауіп бар. «Казгидромет» мекемесі күні кеше облыс орталығында өзен деңгейі 9 метр 34 сантимерден аспайды деген болжам айтып отыр.

Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
- 9 метрге көтеріледі деген болжам бар. Яғни бізде Жайық өзені бойында орналасқан барлық елді мекендер мен қала бойынша қауіп сейілген жоқ. Біз дамбаларды көтере береміз. Біздің мақсатымыз
тұрғындардың өмірі. Біз қазір қауіпті елді мекендердің бәрінде  эвакуация жүргіздік. Қауіпсіз жерлерге малдарды шоғырландырып, бағуды ұйымдастырдық.