Хабар телеарнасы

Депутаттар су басқан аймақтарға барды

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Барлығына тиісті көмек көрсетіледі. Атбасар қаласына арнайы барған Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Аймақтағы ахуалды бағамдаған депутаттар Есіл ауданына да барды. 

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Су тасқыны әр аймақта әртүрлі. Мысалыға, кейбір жерде 50 жылда бір қайталанып жатыр. Дәл осы Атбасарда 6-7 жыл бұрын болған екен. Бұл жағдай қайта-қайта қайталана береді ме? Бұдан Үкімет пен жергілікті билік сабақ алу керек. Мүмкін дамба немесе су жинайтын орын салу керек. 20 су қоймасы салынады деген болған екен, 2014 жылы жаңалықтан шыққан. Бірақ жасалмаған. Міне 10 жыл өтті әлі сол 20 қойманы салу керек, салу керек деп жүрміз.