Хабар телеарнасы

Бүгін – қасиетті Қадір түні

Күллі мұсылман халқы асыға күтетін қасиетті Қадір түні де келіп қалды. Биыл ол 5 сәуірден 6 сәуірге қараған бүгінгі түнге сәйкес келіп тұр. Осы кеште Жаратқанға шынайы жалбарынған пенделердің тілегі қабыл етіліп, ризық-несібесі бекітіледі.

Сондай-ақ адамның бір жылдық тағдыры жазылады. Қадыр түнінде адам теріс ойлар мен жағымсыз әрекеттерден өзін аулақ ұстағаны жөн. Қадір түнінде Құран түсірілген және қасиеті мен сауабы мол мың айдан да қайырлы болып саналады.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі», – деген. Бұл түнде намаз бен Құран оқудың сауабы мол.

Елбек Тасболатұлы,  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы:
- Арнайы бекітілген ғибадат жоқ. Көбінесе дұғаға, зікірге, Құранға, нәпіл намаздарға көңіл бөлеміз. Осылай таңға дейін күткен абзал болады.Қадір түні күн батқаннан бастап таң атқанға дейін күтіледі. Толық күтпесе, бірер уақыт күтсе де күткен болып есептелінеді.