Хабар телеарнасы

Ақмола облысында жергілікті маңыздағы 6 жолды су шайды

Салдарынан көлік қатынасы тоқтады. Қазір қауіпті жол учаскелеріне инертті материал төселіп, су шайған тұстары бекітіліп жатыр. Жалпы аймақта 29 жол су астында қалды. Оның 5-уі республикалық, 11-і облыстық және 13-і аудандық маңыздағы тас жолдар. 

Талғат Қайратхан, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры:
-Біздің инженерлар жол бағытына шығып, жол үстінен су ағу фактісі болса мердігер ұйымға және тапсырыс берушіге ақпарат жолдап, сол жерде жол үстіндегі судың енін, биіктігін анықтап ақпарат береміз. Мүмкіндік болса жол бағытына шектеу қоймауға тырысамыз. Бірақ жағдай ушыға бастаса шектеулер орнатылады.