Хабар телеарнасы

Есірткі қылмысы өршіп тұр

Түнгі клубтарда күлдіргіш газ атауымен танымал, адам есін жоғалтқанша мас ететін азот оксидін еркін сатып жүргендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазір заң Парламент қарауында. Ал былтырдан бастап трамадол, есірткі қатарына жатқызылды.

Атыраудағы Ұлттық құрылтайда Президент есірткі саудасы мен нашақорлық – заманауи бес кеселдің бірі деген болатын. Шынында қазір олардың түрлері мен тасымалдау тетіктері, есірткі қылмысының саны артқан.

Мәселен, 5 жыл бұрын 5 келі психоактивті зат тәркіленсе, былтыр 1 тоннаға жеткен. Ал биыл үш ай ішінде 225 келі синтетикалық зат тәркіленді. 2 мыңнан аса есірткі қылмысы тіркеліп, 16 зертхана анықталды. Есірткі өндірісіне қатысқан 15 адам ұсталды. Ал аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталған.

Шыңғыс Алекешев, ҚР ІІМ Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы:
- Үкімет нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Саладағы алғашқы бағдарламалық құжат есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамытуға баса назар аударылып жатыр.