Хабар телеарнасы

Ақорда серуенде жүрген Наурыз атты тазының видеосын таратты

Президенттің былтыр ел назарына ілінген асылтұқымды иттерінің фотосы мен видеосы тағы жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазыларын кинолог мамандар үйретіп, саятшылыққа баулып жатыр. Ақорданың баспасөз қызметі серуенде жүрген Наурыз атты тазының видосын таратты. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан еді. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды. Қалған екеуі 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан иттің сирек тұқымдарының ген қорын, оның ішінде қазақы құмай тазының тұқымын сақтауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды. 2024 жылдың 7 ақпанында Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронға екі тазы күшігін жібергені де белгілі болды.