Хабар телеарнасы

Қостанайдағы Allur зауытында әйелдердің үлесі артып келеді

Машина жасау тек ер адамдардың қолы деген ұғымды Қостанайдағы Allur автозауытты жоққа шығарып отыр. Қазір мұнда 700-ден астам қыз-келіншек жұмыс істейді. Олар көлік құрастырудың күрделі технологиясын меңгеріп алған.

Дәнекерлеу цехы. Бұл автоөндірістегі технологияның ең бір күрделі түрі. Қиыннан қиыстырып, әр бөлшегін дәнекерлеу аса біліктілікті қажет етеді. Айнагүл Ильменский осында он жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ал оның ізбасары Валерия Савченко әзірге студент. Электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша автозаводта тәжірибеден өтіп жүр. 

Валерия Савченко, Allur автокөлік зауытының дәнекерлеушісі:

- Жартылай автоматты, қолмен дәнекерлеу әдісін білемін. Ал машина жасауда дәлдік керек. Оған тек Астанада, сосын осында ғана оқытады. Мұнда қол жұмысы аз. Бәрі автоматтандырылған. 

Ақбота Бейісова автозауытқа жеті ай бұрын келіпті. Дайындық курсынан өткеннен кейін, көлік құрасытру цехының слесары болып орналасқа . 

Ақбота Бейісова, көлік құрастыру цехының маманы:

- Тек қана ер адамдар ғана емес, әйел адамдарда қолынан келеді екен ғой деп ойладым да, сосын осында жұмысқа кірдім мен.

Ал Жанерке Қайынбай көлік бөлшектерін қабылдап, үлестіруші. Ол мыңға жуық автокөлік детальдарының атауын біледі. 

Жанерке Қайындыбай, шасси желісінің диспечері:

- Мынау супарда, оң, сол, мынау артқы тормозной диск. Мынау Оникстің стойкалары, мынау датчиктері. 

Зауытта мамандардың автоөндіріс технологиясын оқып, меңгеруіне барлық жағдай жасалған. Әрі қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсеті еді. 

Әлібек Құсайынов, Allur автокөлік зауытының әкімшілік сұрақтар бойынша  директоры:

- Біздің зауытта істеп жүрген кісілердің 20 проценті ол әйел жандар. 531-і өндірісте істейді. Ер азаматтардан жұмысы кем емес. Олардың барлығы өз жұмыстарына ұқыпты. 

«Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, озық технологияларды енгізген сайын автокөлік өндірісіндегі әйелдердің үлесі жылдан жылға арта түседі»,- дейді зауыт басшылығы.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг