Хабар телеарнасы

Ардагер журналист Рабат Жәнібеков өмірден озды

Бүгін еліміздің спорт журналистикасы қара жамылды. Ардагер журналист, қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 81 жасында дүниеден озды. 1942 жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында туған Рабат Әлібекұлы отандық телевизияда 1968-2003 жылдар аралығында редактор, спорт комментаторы болып еңбек етті. Рабат Жәнібеков 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінде сол кездегі телеарна режиссері Рубикжан Яхин түсірген жалғыз бейнетаспаны КГБ күштерінен жасырып, ауылдағы танысының ауласына апарып көмген тұлға. Мына көріп отырған 86-ның бейнекадрлары Рубикжан Харисұлы мен Рабат Әлібекұлының арқасында ғана сақталып, бүгінгі ұрпаққа жеткенін біле жүрейік.

Өмірден озған әріптес ағамыздың жақын туыстарына «Хабар» арнасы ұжымының атынан қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.