Хабар телеарнасы

Қазақстанда әлемде өте сирек кездесетін ауру түрлері шыға бастады

Отандық дәрігерлер мұны диагностиканың дамуымен байланыстырады. Мәселен, соңғы жылдары 3 баладан липодистрофия деп аталатын дерт анықталған. Май алмасу үдерісінің бұзылуынан туындайтын бұл ауруды емдеу де оңай емес. Дәл сол секілді басқа да ілеуде біреу жолығатын аурулар бар. Елде осындай 77 мыңға жуық тіркеуде тұр. Ал олардың 15 мыңдайы бала. Кейбір диагноздардың емі әлі табылмаған. Дегенмен мамандар ауруды ерте анықтау үшін халықты жүйелі түрде скринингтен өтуге шақырады. Күрделі дерттің алдын алуға да тырысу қажет. Ал ондай аурулар біздің елде тегін емделеді. Оларды ел қазынасынан бөлек «Қазақстан халқына» қоры да қаржыландырады.