Хабар телеарнасы

Елге Чехиядан 8 жабайы жылқы жеткізіледі

Жойылып кету алдында тұрған 8 жабайы жылқы Қазақстанға Чехиядан жеткізіледі. Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілінің айтуынша, алдағы 4-5 жылда тағы 40 сәйгүлікті әкеліп, жерсіндіру жоспарда. Шетелдік мамандар, Пржевальский жылқылары үшін «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватын арнайы зерттеген. Қостанай облысының шөбі құнарлы, ауасы қолайлы. Дегенмен биыл жабайы жылқылар жайылымға шықпай, бір жыл бақылауда болады. 

Мирослав Бобэк, Прага қалалық зоологиялық бағының директоры:
-Бұл Керқұландар 1960 жылы табиғаттан мүлде жойылып кеткен болатын. Дегенмен оның түрін сақтап қала алдық. Бұл нағыз тарихи жағдай. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалар арқасында Еуропадағы зоопаркілерде популяция тұрақтанды. Соның арқасында керқұланды бұрын-соңды мекендеген өңірлеріне қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Прага зоопаркінің Моңғолияда даласында жүргізген тәжірибе арқасында жабайы жылқылар Қазақстанға қайтарылады.