Хабар телеарнасы

Ақмола облысында жылқылар аштан қырылды

Ақмола облысында аштан қырылған жылқы саны 200-ден асты. Қазір төрт ауданда жағдай қиын. Ал шаруалар болса қыстақтағы малын ауылға жеткізе алмай әлек. Себебі жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар, жаңбырдан кейін қатып қалған. Әбден ашыққан мал шеттерінен құлап жатыр. Ең өкініштісі, биелер құлын тастап, төл басы кеми түскен. Қынадай қырылған жылқылардың аурудан емес, аштан өлгенін жауапты сала мамандары да жасырмайды.

Талғат Жүнісов, ветеринария басқармасының басшысы:
-Аурудың ешқандай белгісі жоқ. Мал аштан қырылып жатыр. Оны сараптама жүзінде дәлелдеп бере аламыз. Мал аштан қырылып жатыр. Сойғанда қарындарында қардан басқа ештеңе жоқ.