Хабар телеарнасы

СҚО-да бие сүтін өңдеу зауыты салынады

Петропавл қаласында өткен халықаралық инвестициялық форумында осындай келісім жасалды. Ауылшаруашылығы, өндіріс, құрылыс және қайта өңдеу. Облыс басшылығы осы және өзге де бағыттарда инвесторларды қабылдауға әзір. Форумға инвесторлар, орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдері мен қаржыгерлер қатысып, облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар қайта өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс көрмесін тамашалап, жеке кездесулер өткізді. Шара соңында жалпы құны 130 млрд теңге болатын 14 құжатқа қол қойылды. 

Ильдар Исмағұлов, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:
-Италиялық кәсіпкерлер азықтық ашытқы өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мал шаруашылығына керек өнім. Сонымен қатар жүк көтеру техникаларын құрастыру жөнінде келісім жасалды.