Хабар телеарнасы

Қазақстан орта деңгейлі державалар тізіміне енді

«Ғылым және саясат қоры» деп аталатын Германияның беделді ғылыми-сараптамалық орталығы, «Орта деңгейлі державалар – халықаралық саясаттағы маңызды ойыншылар» деген атпен сараптамалық мақалалар жинағын жариялады. Әлемдегі саяси және экономикалық маңызы үлкен мемлекеттерді орта деңгейлі державалар деп атайды. Мақала авторы Андреа Шмитц еліміздің геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуына ерекше назар аударып отыр. Аймақтағы ең ірі екі держава – Ресей және Қытаймен іргелес. Осы екі алып ел үшін шикізат көзі, тауар нарығы және көлік дәлізі ретінде және геосаяси жағынан Қазақстанның стратегиялық маңызы зор. Сондай-ақ пайдалы қазбалар мол болғандықтан, АҚШ пен Еуроодақ инвестиция құйып жатыр. Қазақстанмен бірге бұл тізімге Түркия, Израиль, Египет, Сауд Арабиясы, Үндістан, Индонезия, Эфиопия, Кения, Оңтүстік Африка республикасы, Мексика, Бразилия кірді.

Әсел Назарбекова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы:
-Қазақстанға деген жалпы Еуропаның көзқарасы өте жоғары, себебі бізде қазір мүдделігі бар ол тараптан, ол мемлекеттердің тарабынан. Себебі әрине біздің қолайлы жағдайларымыз, ол мемлекеттер үшін өте пайдалы, тиімді. Сол себептен саяси ортасында Еуропаның, Германияның осындай пікір қалыптасуы – ол Қазақстан үшін өте ұтымды. Қазіргі таңда Қазақстанның орнын одан әрі нығайту үшін, одан әрі орта деңгейлі держава ретінде халықаралық саясатқа, әлемдік саясатқа ықпал ете алатын актор ретінде, яғни халықаралық саясаттың объектісі емес, субъектісіне айналып тұрғаны, бұл біздің мемлекет үшін жоғары баға.