Хабар телеарнасы

Зейнетақы төлемдерін бірреттік пайдаланудың жаңа ережелері ұсынылды

Зейнетақы төлемдерін бірреттік пайдаланудың жаңа ережелері ұсынылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің айтуынша, биыл 135 мыңға жуық азамат біржолғы зейнетақы төлемдерін «Отбасы Банкі» депозиттеріне аударған. Дегенмен сол қаржы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын жаппаған. Яғни ақша депозитте жатыр, бірақ қарыз жабылмаған. Одан бөлек министрлік Бірыңғай зейнетақы қорынан ақша алу мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұзартуды ұсынды. Өзгерістер қабылданса, ерлі-зайыптылар да, бір-біріне бірыңғай зейнетақы қорынан ақша аударып, «Отбасы банкі» депозиттерін толықтыра алады.

Даубек Керімбаев, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы:
-Қазіргі таңда біздің өзгеріске сәйкес, бір жолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларына сәйкес, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бұзылған жағдайда зайыбына жол берілгенді қоспағанда, тұрғын үй құрылыс ақшасы арнайы шотқа аударылып, сол арнайы шотта 20 күнде мақсат таңдауға мүмкіндік беріледі.