Хабар телеарнасы

Еліміздегі туберкулезге қарсы зертханалар халықаралық сертификат алды

Осылайша жұқпалы ауруды дер кезінде анықтаудың мүмкіндігі артып отыр. Бұл туралыАлматыда өткен «Орталық Азияда туберкулёзді жою» жобасының қорытынды конференциясында айтылды. АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігінің демеуімен өткен жиында көксауды жою жобасының бес жылдық жұмысы қорытындыланды. Осы уақыт аралығында аурудың алдын алуға арналған инновациялық тәсілдер енгізіліп, шұғыл емшаралар және зерттеулер атқарылды. АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігі 5 жылда еліміздегі медициналық мекемелерге жалпы құны 31 миллион доллар болатын техникалық көмек көрсеткен. Оған қоса 1500-ден астам маман білімін жетілдіріпті.

Панагүл Жазықбекова, Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығының дәрігері:
-Осы жылдар ішінде туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізілді шетелдік мамандармен қоса. Сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп, туберкулезге қатысты сигма мен дискриминацияны төмендетуге бағытталған іс-шаралар іске асырылды.