Хабар телеарнасы

Соңғы бір аптада тұрмыстық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді

Еліміз бойынша соңғы бір аптада 4 мыңнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы тіркелді. Ішкі істер министрлігінің мамандары отбасыдағы ойранның алдын алу үшін арнайы «тұрмыс» шарасын өткізген еді.

Нәтижесінде 3 мың 500 отбасының арасында сауалнама жүргізілді. Соның 559 қайта құқықбұзушылық болуы мүмкін деген қорытынды жасалып, оларға заң және отбасылық құндылық жайында мағлұмат берілді.

Мамандардың сөзінше заңбұзушылықтың дені алкагольді ішімдіктің салдарынан болған. Олар енді полицияның үнемі назарында болады.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында соттардың шешімімен қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 557 агрессор мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды орындамағаны үшін 531 құқықбұзушы қамауға алынды. Өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамайтын 8 мың ата-ана есепке қойылды. Оның ішінде 1057 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.