Хабар телеарнасы

Алматы метросын салу кезінде 5 млрд теңге ұрланған

«Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорны мен «Алматыметроқұрылыс» компаниясының лауазымды тұлғалары 5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлап, Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып берген.

Бұл іс бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Бас көлік прокуратурасы былтыр атқарған жұмысын жария етті.

Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменовтің сөзінше, мемлекетке 53 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылып, 1 358 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған.

Көлік прокуратурасының бастамасымен Air Astana авиакомпаниясында тексеру жүргізіліп, нәтижесінде билеттер құнынан жанармайалымы алынып тасталды. Тасымалдаушы 876 млн теңге айыппұл төледі.

Сондай-ақ бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің негізсіз қымбаттауын тоқтатқан.