Хабар телеарнасы

Атырау облысында екпе алудың екпіні бәсең

Мәселен 59 мың адамға вакцина егу жоспарланғанымен, бүгінге дейін тек 25 мың доза салынған. Жалпы 2021-22 жылдары Атырауда қызылша ауруы тіркелмепті. Бірақ биыл жағдай күрделі. Бүгінде облыс бойынша қауіпті індетті жұқтырды деген күдікке ілінгендер қатары 7 мыңнан асса, 2300 науқастың дерті зертханалық жолмен дәлелденген.

Айкөркем Нұрғалиева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
-Қазіргі ауырып жатқандардың басым көпшілігі - 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың барлығы - екпе алмағандар. Қызылша ауруының алдын алудың ең басты тиімді жолы вакцина-профилактика болып саналады.