Хабар телеарнасы

ТЖМ қай өңірілерге су тасқыны қаупі төніп тұрғанын айтты

Су тасқыны қауіпі Павлодар, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарына төніп тұр. Себебі былтыр аяқталуы керек болған біраз іс-шара орындалмаған.

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов осы мәселелер бойынша іске асырудың соңғы мерзімін белгіледі.

Ал бірқатар өңірде құрылыс жалғасып жатыр. Ақмола облысында Есіл су реттегішін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеп жатыр.

Одан бөлек қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп болжануда.

Ал еліміздегі 300 гидроқұрылғы халыққа қауіп төндіреді. Демек бірқатар өңірде тоғандардан су тасып, жолдарда көлік қозғалысының мәселесі туындауы мүмкін.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: 
- Су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500 астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалары бар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштер мен құралдардың арнайы топтары құрылды. Ағымдағы жылдың 5 ақпаны мен 5 наурызына дейін «Қазгидромет» алдын ала және нақты болжамдар ұсынылатын болады.