Хабар телеарнасы

СҚО-да 9 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды

СҚО-да өткен жылы 9 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды. 2,5  мыңға жуық құқықбұзушылық тіркеліп, 618 азамат әкімшілік қамауға алынды. Тағы 300-ден астам бұзақыға ескерту жасалып, жетеуіне айыппұл салынған. Енді жұдырық ала жүгіретіндерге жаза күшейеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес­тің тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр.

Әсия Әбжанова, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:
-Былтыр тұрмыстық ұрыс–керіс салдарынан облыста 9 адам мерт болды. Оның бесеуі әйел болса, қалғаны ер азамат. Қайтыс болғандардың орташа жасы — 30 бен 45 аралығында. Қылмыстарың көбі Петропавл қаласында жасалған. Статистикаға сүйенсек, отбасылық жанжалдың шығуына басты себеп жұмыссыздық және тұрмыстық жағдайдың төмендігі болып отыр.