Хабар телеарнасы

СҚО-да орталық қазандықтар жөнделді

Биыл еліміздің солтүстігіндегі Мамлютка қаласын орталықтандырылған жылыту жүйесімен қамтудың үшінші кезеңі жүзеге асырылады. Жоба құны – 165 млн теңге. Ал былтыр аудан орталықтарындағы жылыту қазандығын жөндеуге 760 млн теңге бөлінген еді. Ескі қондырғылар ауыстырылып, құбырлар жаңартылды. Өңірдегі жылыту маусымының барысымен Сенат депутаттары танысты. Тұрғындарды тағы қандай мәселелер мазалайтынын біліп, оларды шешуге атсалысатындарын жеткізді.