Хабар телеарнасы

Сақ дәуірінің жәдігерлерін заңсыз сатпақ болған семейлік қолға түсті

Оны тінту кезінде аң стилінде әзірленген, жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ер адамды бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ұстаған. Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.