Хабар телеарнасы

Qazaq Oil ішкі нарықтың 25% астамын алып жатыр

Жаңа нысандар ашылуын қоса алғанда биыл компанияның жанармай құю станциялары 377 жетіпті. Сәйкесінше жұмысшылар саны да артқан. Қазақстандағы ең ірі желі халық сұранысына сай бизнес ауқымын кеңейтіп, жаңғырту жүргізіп жатыр. Нәтижесінде жаңа жобаларды іске қосылуда.

Көлік тізгіндеген әр жүргізуші үшін Qazaq Oil атауы жақсы таныс. Жанар-жағармай құю станцияларының 25% осы компанияның үлесінде. Ребрендинг нәтижесінде олар тұтынушыларға бұрынғыдан да жайлы бола түсті. Жылдам әрі сапалы қызмет қатарына енді жаңа сервистер қосылды. Атап айтсақ ыстық кофе, ыстық тағамдар және басқада тауарлар сатып алуға болады.

Компания өзге кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеугеде дайын.

Төлеміс Шотанов, Qazaq Oil компаниясының бас директоры:
- Біз DODO деген франчайзинг программа ұсынып жатырмыз. Кәсіпкер бізге келеді. Өзінің ұсынысын айтады. Осындай өңірде осындай жоспарым бар станция салайын деген. Біз брендімізді береміз, бүкіл стандартты береміз және де жанармай өнімін береміз. Осы бағдарлама бойынша 40 астам жеке кәсіпкерлер бізбен бірге жұмыс істеп жатыр.

Компания Qazaq Oil брендімен 2020 жылдан бері жұмыс жасауда. Ұжым саны бүгінде 5 мыңға жуықтапты. Оларды қолдап бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінде орындауда.

Төлеміс Шотанов, Qazaq Oil компаниясының бас директоры:
- Спортты қолдаймыз. Теннис, параолимпиада комитетімен бірге істейміз. Мұның алдында «Қайрат» футбол клубының спонсоры болдық. Данияр Елеусінов біздің атақты батырымыз, соны қолдадық. Тек спортпен шектелмейміз. «Азия Дауысы» деген бар, соны қайтадан жаңыруға үлесімізді қостық.

Сапалы менджмент, жаңа бизнес шешімдері үшін Qazaq Oil жуырда Президенттің «Бизнес кемелділік» сыйлығының лауреаты атанды.

Ердәулет Ыбырайұлы, Самат Сүлейменов, Әлібек Әлиев