Хабар телеарнасы

Атыраудағы өзендер түбі тереңдетіледі

Атыраудағы өзендердің түбін тереңдету жұмыстарында кемшілік көп. Экологтадың айтуынша, өзендердің түбін тереңдету үшін әуелі ғылыми зерттеу жүргізу керек. Содан кейін айдындардағы су деңгейінің төмендеу себебін анықтау қажет.

Сонымен қатар сарапшылар өзен түбін тереңдететін мекеме құруды ұсынып отыр. Себебі қазір бұл жұмыстармен тек бір компания айналысып отыр. Қыруар қаржы жұмсалатын жұмыстардың нәтижесі көңіл көншітпейді. 

Ақлима Абдолова, «Су айдыны» қоғамдық қорының жетекшісі:
- Түбін тереңдету жұмыстары Жайық өзенінің теңізге құяр тамағында немесе басталар тұсында жүргізілуі керек. Өзенге балықтар уылдырық шашу үшін кіріп, кейін теңізге қайта шығуы үшін жағдай жасау қажет. Ал қазір олардың жолы жабық. Бұл жұмыстармен айнылысып жатқан «Павлодар өзен порты» мекемесі Жайық өзенінің қақ ортасын қазып жатыр. Мұның ешқандай пайдасы жоқ.