Хабар телеарнасы

Су тапшылығы мәселесі жақын арада шешілмеуі мүмкін – Базарбек

Тіс жууға - 10, ал сақал қыруға - 50 литр су қолданамыз. Мәжіліс депутаттары суды осылай нормадан тыс тұтынатындарға жоғары тариф енгізу бастамасын тезірек қолданысқа енгізуді сұрап Үкіметке сауал жолдады.

«Тіршілік нәрін белгіленген мөлшерден артық пайдаланғандар көбірек төлеуі орынды»,– дейді. Жалпы қазақстандықтар суды қолдану мәдениетін өзгертпесе, алдағы 15 жылда өткір су тапшылығын бастан кешіруі мүмкін.

2050 жылға қарай су тапшылығы 3 есеге дейін артады деген болжам бар. Үнемшілдікке көшу ауыл шаруашылығы мен өндіріс, бизнестің барлық түріне қатысты.

Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
- Әріптестер, дабыл қағатын уақыт келді. Мысалы, 2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 млрд текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне пара-пар су. Ойлап қараңыздаршы, еліміз таза ауызсу ретінде пайдаланатын судың көлемі кемі 50% азаяды. Сонда әрбір екінші менің отандасым ауызсусыз қалады деген сөз.