Хабар телеарнасы

Бүгін – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

Бүгін  дүниежүзілік жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні. Осы сөзді естігенде селт ете қалатынымыз рас.

СПИД - адамның иммун тапшылық вирусының соңғы сатысы. Қазір елімізде мұндай инфекция жұқтырған 32 мыңға жуық адам бар. Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары: «биыл елімізде осы ауруды жұқтырғандар азайды», - дейді. Вирус көп жағдайда жыныстық жолмен және есірткі инъекциясын қолданған кезде жұғады. «Дегенмен індет тырнағына ілінгендер де отбасын құрып, дүниеге перзент әкеле алады. Бірақ өзгеге жұқтырмауы керек. Осыған үлкен жауапкершіліпкен қарауы тиіс»,- дейді дәрігерлер. Емдік шаралармен қатар психологиялық көмектің де маңызы ерекше. 

Мәдина Мәлікова, психолог: 
- Бірінші оларға көмек ретінде эмоцианалдық қолдау көрсетіледі. Өйткені ВИЧ туралы диагноз қойылған кезде адамда әртүрлі эмоционалды реакциялар болуы мүмкін. Шарасыздық, депрессия, шок оны қабылдай алмау деген сияқты. Оған байланысты біз оның эмоциясын түсіну арқылы, қадағалау арқылы, оны сабырға шақыру арқылы оның диагнозды рационалды түрде қабылдауына көмектесеміз.