Хабар телеарнасы

Ұлттық банк банкноталардың жаңа сериясын таныстырды

Қазақстан Ұлттық Банкі Алматыда өткен қаржыгерлер Конгресінде осы банкноталардың жаңа сериясын таныстырды.

Сондай-ақ көпшілік назарына цифрлық теңгедегі алғашқы төлем картасы ұсынылды. Бұл жоба 2025 жылдың соңына дейін толық іске асады. Ал жаңа купюралар заманауи қорғаныс элементтерімен жасалған. Жүйрік ат, құмай тазы, қар барысы, бүркіт пен ақбөкен – мұның бәрі жаңа дизайндағы банкноталарда көрініс тапқан.

Санжар Нұрқасымов, ҚР Ұлттық Банкі банкноттар бойынша бас дизейнер: 
- 5000 теңге осы жылдың аяғына дейін айналымға шығады. Келесі номиналдар кезең кезеңімен бірте-бірте келесі жылдан бастап 25 жылға дейін түгелімен бүкіл серия шығады.