Хабар телеарнасы

Зиянды өндірісте зардап шеккендер өмір бойы төлемақы алуы тиіс

Депутат Арман Қалықов осылай деп Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, Азаматтық кодекске енгізілген түзетулер жұмыс орнында мүгедектік алған азаматтардың құқықтарын шектейді. Алатын төлемдері инфляция деңгейіне сай келмейді. Салдары сол «денсаулығын өндірісте қалдырғандардың» өмір сапасы жыл өте нашарлап барады. Сондықтан депутат жалақымен қатар, келтірілген зиянды өтеу бойынша төлем көлемін де көтеруді әрі оны өмір бойы төлеуді ұсынды.

Арман Қалықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2015 жылға дейін өндірісте қызметкерге келтiрiлген зиянды өтеу бойынша төлемдер өмір бойы төленетін еді. Азаматтық кодекске өзгеріс енгелі зейнет жасына жетсе, төлем тоқтатылатын болды. Бұны қалай түсінсек болады? Зейнет жасына жеткенде мүгедек адамның жаңа қолы немесе аяғы өсіп кете ме? Төлемдерді өмір бойы төлеу қажет қой.