Хабар телеарнасы

Kaspi Жұма қалай өтті?

Қазақстанда Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті. Көптеген қазақстандықтар қыс қарсаңында дөңгелек, қыстық киім мен аяқ киімдерін жаңалап, үйлеріне тұрмыстық техника мен электроника сатып алды. Ал қазақстандық кәсіпкерлер тағы да рекордтық сатылым көлемін жасады. Бұл жолғы Kaspi Жұма тағы несімен есте қалды?

Бұл тоғызыншы Kaspi Жұма. Сатып алу мерекесінің үш күнінде қазақстандықтар көптеген тауарларды тоңазытқыштар, теледидарлар, климаттық бақылау жабдықтарын, тұрмыстық бұйымдар, автокөлік дөңгелектерін және тағы басқа заттарды сатып алды.

Гүлсара Айдарқызы, Sulpak дүкенінің сатып алушысы:
- Біздер Kaspi Жұманы естігелі бері осы холодильник және үйге пылесос алғымыз келді. Өте тиімді, соған қуанып, өтіп кетепесін деп біздер 2 күні келген едік. 3-нен басталады деді. Соған бүгін келіп отырмыз.

Еркежен Қуанышқызы, Sokolov дүкенінің сатып алушысы:
- Kaspi Жұмаға бүгін ұлыма, тұңғыш ұлыма телефонан алдық. 24 айға бөліп төлейміз. Өте ыңғайлы. Өзіме міне қандай керемет, жақсы, күшті сыйлық, бриллиант набор алдым.

Каншай Ыстамова, «Zeta» дүкенінің сатып алушысы:
-Осыған дейін техника алдық. Холодильник, мебаль алғанбыз. Негізі біз Kaspi Жұманы асыға күтеміз. Өйткені қаншама жылдан бері қолданып келе жатырмыз.

Сатып алушылар затты тиімді сатып алғанына, сатушылар сауда көлемінің артқанына қуанышты.

Эльмира Искакова, Апорт СО, Kari дүкенінің директоры:
-Клиенттердің көбі Kaspi Жұма арқылы біздің тауарларымызды алып жатыр. 2 күнде біз 4 миллионға тек алтын саттық. Ол деген тек Kaspi Жұманың кезінде ғана болатын сауда ғой біздегі.

Роза Сидикова, Lucente брендінің директоры:
-Басқа күндермен салыстырғанда бізде бүгін адам көп. Сауда болып жатыр. Kaspi Жұма мемлекет экономикасына пайдалы. Өйткені біз сатушылар планды орындалады, витринада бізде заттар қалмайды. Алушылар өзінің ұнаған нәрселерін бөліп төлеуге мүмкіндіктері болады.

Кудратжан Ушамов, «Алматы Технодом Армада» дүкенінің директоры:
- Әрине адамдар Kaspi Жұманы күтеді. Адам көп. Kaspi Жұма күндері тауар айналымы өте көбейеді. Бұл тек қана үлкен бизнес үшін емес және шағын орта бизнестерге де пайдасы өте көп.

Сатып алушының өтініші бойынша заттар үйге тегін жеткізіледі. Сондықтан жеткізу қызметтері Kaspi Жұма кезінде күшейтілген жағдайда жұмыс істейді.

Кудрат Даулятов, жүргізуші-экспедитор:
- 3 қарашадан Kaspi Жұманың бірінші күні басталды. Сол күннен бастап бізде жұмыс көбейе бастады. 3 күн болды ертеден түнге дейін істейміз. Алушылар да түнге қарамай бізді қуана-қуана күтуде. Сол үшін рахмет!

Ринат Ележанов, Aikos дүкенінің сатып алушысы:
-Біз Kaspi Жұма туралы хабарламаны көрген соң әйелімізбен ақылдасып мүмкіндікті пайдалануды шештік. 83 мыңға дөңгелек алдық. Ай сайын шамамен 3000 теңгеден шығады. Өте тиімді, қалтамызға ауыр емес. Жеткізіп бергені мені өте қуантты, дөңгелекті ауыстырып, еркін жүре аламын.

Кішігірім заттарды Kaspi Postomat арқылы алуды жөн санайтын тұтынушылар көбейіп келеді. Үйде курьерді күтудің қажеті жоқ, өзіңе ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

Болат Темірболатұлы, сатып алушы:
- Наушник алып жатырмын өзіме. Kaspi Postomat арқылы келеді, жұмыс уақытында алып кетесің. Сонысымен ыңғайлы және тез. Доставкасы 9 күні болуы керек. Бірақ бүгін азанда заказ бердім, кешке алып жатырмын.

Сатып алу мерекесінде адамдар ұзақ кезекке тұратын, күндер артта қалды. Қазіргі уақытта көпшілігі онлайн сатып алады. Сондай–ақ тегін жеткізу қызметін пайдаланады. Kaspi Жұма саудада нағыз құбылысқа айналып үлгерді. Сатып алу мерекесі адамдарға отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық шағын және орта бизнес дамып, жаңа жұмыс орындарын аша алады.