Хабар телеарнасы

Елімізде базарлардан түсетін табыстың 20% көлеңкелі экономиканың үлесінде

Бұл қазынаға салықтың толық түсуіне кедергі. Сол себепті қолға алынған базарларды жаңғырту жұмысы жалғасуда. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2023-2024 жылдары 40 сауда орны модернизацияланатынын жеткізді. Министрлік өкілдерінің айтуынша, саудагерлердің көбі есеп айырысудың телефон номеріне ақша аудару түрін таңдап, жасырып қалады. 2 айдан кейін оларды тексеруге тыйым салатын мораторий аяқталады. Келесі жылдан кассалық аппарат арқылы төлем жасау қатаң талап етілмек. Базарларды жаңғыртудың жол картасына сәйкес ғимараттардың санитарлық және құрылыс қауіпсіздігі қатаң қадағаланатын болады. 

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
-Біз айтып кеттік, фискалдық жағынан екі жыл, 24-25 екі жылдың ішінде бүкіл сауда біздің субъектілерде кассалық аппарат пайдалану үшін көшу керек. Модернизация жасалды ма, кассалық аппарат міндетті түрде болуы керек, мысалы, «Алтын ордада» 2,5 мың саудагер бар, кассалық аппарат болмаса, айыппұл салынады.