Хабар телеарнасы

Павлодарда есірткіге қарсы күрес күшейе түсті

Павлодарлық полицейлер есірткі саудасының алдын алу үшін ерекше әдіс-тәсілдерді қолдануға көшті.

Жастар арасындағы түсіндіру жұмыстары дәріс, жадынама тарату форматында ғана емес, ойын, спектакль түрінде де жүргізіледі. Өңірде жыл басынан бері есірткі тарату және сатуға қатысты 200 жуық құқықбұзушылық тіркеліп, 400 келіден астам зиянды зат тәркіленген. Мұндай қылмысқа барғандардың басым бөлігі – 18 бен 23 жас аралығындағы азаматтар. Сондықтан кешенді шаралар мектеп және колледж студенттері арасында ұйымдастырылды.

Ирина Темірғалиева, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі: 
- Жасөспірімдер мен студенттерге маңызды ақпаратты ойын форматында жеткізуге тырысамыз. Мәселен, есірткі қылмысы үшін ұсталған азаматтың сотын спектакль ретінде көрсеттік. Бұл процеске болашақ заңгерлер мен құқықтанушылар тартылды. Олар үшін бұл қызықты. Жастармен психолог та жұмыс істейді.

Санжана Қабыл, студент:
- Профилактикалық диспут, дәріс және сынып сағаттары ғана емес, олар профилактикалық ойындар арқылы да жүзеге асырылады. Қазіргі таңда есірткі таратушылар көбейіп бара жатыр. Оларды алдын алу шараларын біз жүргіземіз, қарастырамыз.