Хабар телеарнасы

Республика күні мерекесіне орай концерттер үй аулаларында да ұйымдастырылды

Бүгінгі мерекеге орай ұйымдастырылған концерттер ірі-ірі алаңдардан бөлек, кішкене ғана үй аулаларда да ұйымдастырылды. Көктал шағын ауданының тұрғындары алДында «Наз» би тобы өнер көрсетті. Қаланың шеткі аудандарында тұратындарға - мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді,-дейді ұйымдастырушылар. Жалпы бүгін республика күніне арнап, елордада 200-ден астам іс-шара өтті.

Айнұр Нұржанова, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы:
-Орталық алаңдарда концертке көп адам жиналады ғой. Бірақ мына балалар болсын, үлкен кісілер болсын, көп кісілер бара алмай жатады.Сондай бізге ұсыныстар түскен болатын. Әдейі осы тұрғын алаптарды бүгінгі таңнан бастап. Бұл жаңа бастама. Жылда бұл үрдіске айналады деп үміттенеміз.