Хабар телеарнасы

Атырауда 5 млн шабақ құтқарылды

«Жайық-Каспий облысаралық, бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары өткен 2 айда су тоғандарынан 5 млн дана шабақты құтқарды. Сондай-ақ су айдындарына заңсыз құрылған 156 браконьерлік ау мен 9 қайық тәркіленді. Биыл Қызылқоға ауданының аумағындағы Ойыл өзенінде су мол. Индер балық инспекциясының мамандары Жайық өзеніндегі 150, Ойыл бойындағы 200 шақырым аумаққа жауапты. Инспекция қызметкерлерінің міндеті – екі аудандағы су маржандарын сақтап қалу.