Хабар телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы ақылы жол пайда болды

Енді Петропавл – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар трассамен қатынайтын автобус және жүк көліктерінің жүргізушілері қаржы төлейтін болады. Мамандардың сөзінше, өңірдегі ақылы жолдың жалпы ұзындығы 132 шақырымнан асады және онда шлагбаум қойылмайды. Тек үш аймаққа арнайы бейнебақылау камералары орнатылған. Яғни ақылды құрылғы көліктердің қозғалысын, жылдамдығын және маркасын бірден анықтайды. 

Қанат Өсербаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ басшысының орынбасары:
-Бұл уческе екінші техникалық санаттағы жолға жатады. Түскен қаражат осы трассаны күтіп ұстауға жұмсалады. Орта есеппен қазір бұл аумақттан күніне 4-7,5 мыңға дейін техника қатынайды екен. Ең бастысы жеңіл көлік иелері ақы төлемейді. Олар үшін жол бұрынғыдай тегін болады.