Хабар телеарнасы

Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» жолындағы бұлақ суы ішуге жарамсыз

Жуырда санэпидемиологтар жарқабақтан тамшылап аққан судан сынама алып, құрамынан зиянды бактерия тапты. Мамандардың айтуынша, микробтар ағзаға түскеннен кейін асқазан-ішек ауруларын тудырады. Судағы микробтарды көзбен көру мүмкін емес. Иісі де сезілмегендіктен, адамдар зиянды екенін байқамай, бұлақ суын ішіп жүр. Сондықтан «Жартасты соқпақ» жолына ескерту тақтасын орнатуға қала әкімдігіне ұсыныс хат жолданған. 

Әсима Жарылғасова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
-Колиформды микробтар адамның, үй жануарлары мен кеміргіштердің нәжісінде тіршілік етеді. Бұлақтың суы таза емес және оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Бұған дейін бұл аумақта геологиялық зерттеу жұмыстары жасалғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ.