Хабар телеарнасы

Атырау облысындағы кәсіпорынға айыппұл салынды

Атырау облысының табиғат қорғау прокуратурасы Жылыой ауданында мұнай қалдықтарын заңсыз жинап, экологияға зиян келтірген кәсіпорынды анықтады. «Жылыой Болашақ» мекемесі 477 тонна қауіпті қалдықты қайта өңдеу, одан әрі кәдеге жарату қызметтерін рұқсатсыз жүзеге асырған. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен кәсіпорынға айыппұл салынды. 

Еркебұлан Ермеков, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:
-Аталған факті бойынша табиғат қорғау прокуратурасымен экология департаментіне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді. Ұсыныстың қаралу нәтижесімен департамент хаттама толтырып, соттың қарауына жолданды. Аталған субьектіге 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі уақытта сот қаулысы заңды күшіне енді.