Хабар телеарнасы

Жалдамалы тұрғын үйді кім сатып ала алады?

Елімізде жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алуға рұқсат етілуі мүмкін. Басымдық 5 жыл бойы жалдамалы тұрғын үйде тұрған азаматтарға беріледі. Ал пәтер құны нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. Министрдің сөзінше, тиісті заң нормасына түзету Мәжіліс қарауына жіберілді. Мақұлданған жағдайда бұл азаматтардың жағдайын едәуір жеңілдетеді»,— дейді ол. Сондай-ақ кезек мәселесі де назардан тыс қалмады. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар пәтерді әділдік принципі бойынша алуы тиіс»,— дейді министр. 

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
-Ережеге сәйкес, азаматтар тұрғын үй кезегіне 5 жыл сайын тұруға құқылы. Алайда бір емес, пәтері бола тұра, бірнеше мәрте тіркелетін адамдар да бар. Бұған дейін түрлі себеппен кезектен 11 мың азамат шығарылған еді. Қазір 200 мың адамды жіті тексеретін боламыз.