Хабар телеарнасы

Обыр дерті опық жегізіп жатыр

Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандардың 56% еңбекке қабілеттілер. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі мәлімдеді. Вячеслав Дудниктің айтуынша, 217 мың адам онко есепте тұр. Обырдың ең көп тараған түрлері - сүт безі, өкпе және ішек обыры. Онкологиялық қызметті жетілдіру үшін ведомство тарифтерді қайта қарап, дәрі-дәрмек тізімін кеңейтпек. Сонымен қатар диагностика мен емдеу бойынша 8 хаттама жаңартылды. Бұған қоса 3D-протездеу әдісі енгізіліп, ядролық медицина стандарты бекітілген. Сырқат қаупі барларға диагностикалық рәсімдеуді жеделдету үшін жасыл дәліз енгізілді. Жыл сайын онкологиялық көмек көрсетуге 95 мдрд теңге бөлінсе, оның 35 млрды дәрі-дәрмекке бағытталады екен.

Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
-Бүгінгі таңда 14 мың пациент химиотерапиялық ем алуда, бұл жылына 90 мыңға жуық сессия. Қазіргі заманғы дәрі-дәрмектерді қолдану қатерлі ісіктің дамыған кезеңдері бар науқастардың нәтижелерінің жақсарғанын көрсетеді. Бүгінгі таңда еліміздің онкологиялық орталықтарында 500 онколог, оның ішінде 170 онкохирург, 97 рентгенолог, 160 химиотерапевт жұмыс істейді.