Хабар телеарнасы

Оралда мемлекеттік балабақшалардың бірінде 3 жасар қыз сорпаға күйіп қалған

Ал Оралда мемлекеттік балабақшалардың бірінде 3 жасар қыз сорпаға күйіп қалған. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр. Денесінің 25% күйік шалған. Қалалық білім бөлімінің мамандары оқыс жағдайға бөбекжай қызметкерлерінің салғырттығы себеп болғанын растады. Олар түскі ас кезінде балаларға сорпаны суытпай алып келген. Полицейлер оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Айнұр Нығметова, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері:
-Тәрбиеші тамақты үлестіріп жатқанда екінші бала барып, столды қозғап қалғанда қыз баланың күйген жағдайына әкеліп соқты. Бұл мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісінің міндетін атқарушыға қатаң сөгіс берілді. Сол топтағы тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісіне қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан шығарылуда.