Хабар телеарнасы

Ауылдағы пошташылардың айлығы шайлығына да жетпейді

Алатыны — 30 мың теңге. Ал жалақыны көтеруге қаржы қарастырылмаған. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай осындай мәселе көтерді. Айтуынша, Қазпоштаның 8 айдағы табысы 58 млрд теңгеге жеткенмен, пошташылардың жалақысы сол күйі көтерілмеген. Әрі өңірлердегі пошталардың жағдайы да көңіл көншітпейді. 

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Мал қорадан жаман. Бір күні үйіндінің астында қалуы мүмкін адамдар. Қазір поштада істейтін маман табу қиын. Жаңа айтып жатыр есебінде орташа жалақы 146 мың дейді. Қайдан ойлап тапқанын білмеймін. Енді ана кешке дейін отыратындар, аудан орталығындағы қызметкерлерді айтып отырған шығар. Газет енді ауыл аймақ қой оқитын. Бірақ ауылдағылардың жалақысы 30 мың айналасында. Ол посылкасын жолдайтын, зейнетақысын таратады, жалақысын таратады, газетін таратады. Сондықтан ол 30 мың ештенеге жетпейді қазіргі заманда. Шайлығына да жетпейді.