Хабар телеарнасы

Абай облысында сібір жарасы расталмады

Абай облысының Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасына шалдықты деген күдік расталмады. Бұл туралы жергілікті ветеринария басқармасы хабарлады. Науқастан екінші рет алынған қан сараптамасы жұқпалы індеттің белгісі жоқтығын көрсеткен. Дегенмен Жетіжар ауылында ірі қаралар тексерілуде. Ауыл тұрғындары да күнделікті міндетті термометриадан өткізіліп жатыр. Айта кетейік, дүйсенбіде Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланған еді. Елді мекеннің кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.