Хабар телеарнасы

Жамбыл облысындағы арна құрылысы қашан аяқталады?

Жамбыл облысындағы «Райыс» каналының құрылысы биыл аяқталатын болды. Диқандар ескі су арнасының ені 4 метр болғанын айтады. Ал жаңа жоба бойынша ол екі есеге қысқарып қалған. Енді секундына 3 текше метр су өтетін арнаға тіршілік нәрі сыймай, далаға ағып жатыр. Салдарынан 200-ге жуық қожалық иесі «егісімізге су жетпеді» деп шағымданып отыр. Ал жергілікті билік құрылыстың 4 жылға созылғанын мойындайды. Суару маусымы аяқталысымен құрылыс жұмыстарына кіріспек. Айта кетерлігі, 2018-2019 жылдары аудандағы 94 каналда жөндеу жұмыстары басталған. Бірақ 72 арнаны жаңғырту жұмыстары әлі күнге аяқталған жоқ.

Темірбек Жұмамұратов, шаруа:
-70% еккен-теккендерінің бәрі күйіп кетіп жатыр. Жүгерілері шықпай қалды. Жылда қайталанады. Қазір міне 4 жылға қарады.

Ербол Жиенқұлов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:
-Сметаның дұрыс болмауына байланысты мына пандемияның кезінде әсері болғанына байланысты тағы да бір жылға ұзартты. Ол жұмыстарды бүгінгі күнге 82% аяқтады. Биыл жылдың аяғымен толыққанды жұмыстарды жүргізуге дайын.