Хабар телеарнасы

Ғалымдар ауызсуды тазалаудың жаңа технологиясын ойлап тапты

Суды тазалауға цеолит пайдаланылады. Оның қоры елде жеткілікті. Кен орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданында орналасқан. Өнертапқыштар цеолитті 600-700 градус температурада өңдеп, сүзгі ретінде қолданады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құрылғы — елді мекендердегі ауыз су сапасын жақсарту үшін таптырмас дүние. 10 мыңнан 50 мыңға дейін халқы бар ауылдарды таза сумен қамтуға болады. Қазір өзен суы баяу сүзгі арқылы өткізіліп, сыналуда. Сүзгі суды ауыр металдардан тазартып, жұмсартады.

Халхабай Бостандық, техника ғылымдарының кандидаты:
-Кез келген ауылдың бас жағында суды тазалау станциясы болады. Сол станцияларда біз осы баяу сүзгіні ұсынайын деп отырмыз. Біз осы цеолитті қолдану арқылы судың ішіндегі минералды және органикалық заттарды ұстап қалады. Баяу сүзгіні қолданған кезде, жоғарғы жағында биопленка пайда болады, ол қосымша судың сапасын жақсартуға көмектеседі.